Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті

131

Танымал бапкер және спортшы 67 жасында бақиға аттанды. 

Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті Фото: Facebook/Бейбіт Сапаралы

Бұл жөнінде белгілі жазушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық жанкүйерлер оны Қазақстан кикбоксингінің аңызы, жекпе-жек спортындағы тәжірибелі маман ретінде жақсы таниды. Елімізде ол спорттың осы түрін дамытуға зор үлес қосты. Білікті маман Қазақстанның жекпе-жек федерациясының негізін қалап, оның жетекшісі ретінде ауқымды істер атқарды. 

Сабыржан Махметов КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болған. Сондай-ақ КСРО әуе десант әскерінің (ВДВ СССР) үш дүркін абсолюттік чемпионы, ережесіз жекпе-жектен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанып, КСРО мен Қазақстанда кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалады. Дүниежүзілік "Жекпе-жек" қауымдастығының президенті қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу