Қазақстан жемқорлық индексінде 8 саты төмендеді

907

Қазақстан жемқорлық индексінде 8 саты төмендеді

Transparency International индексінің үкімет ашықтығы, сөз бостандығы, азаматтар құқықтарын қорғалуы, сот тәуелсіздігі сияқты өлшемдермен жасалғанын айтады. 2016 жылға арналған есепте Қазақстан 176 елдің ішінде 131-орында тұр, деп жазды 7 күн.

Transparency International (TI) жариялаған жемқорлық индексінде бұрынғы КСРО елдерінің ішінде төрт мемлекеттің ғана жемқорлыққа қатысты көрсеткіштері жақсарған. Мәселен, Эстония 22-орын, Литва 38-орын, Грузия мен Латвия 44-орынға тұрақтаған.

Қазақстаннан жоғары Беларусь (79-орын) Армения (113-орын), Әзербайжан (123-орын), Молдова (123-орын) тұрса, Қазақстанмен қатарлас Ресей мен Украина бар (131-орын).

Орталық Азияның қалған төрт мемлекеті Қырғызстан (136-орын), Тәжікстан (151-орын), Түркіменстан (154-орын), Өзбекстан (156-орын) тізімнің төменгі жағына орналасқан.

TI әлемдегі ешбір ел жемқорлықтан құлан-таза айықпағанын айтады. Бірақ зерттеуде 176 мемлекет жемқорлықтың қоғамға таралуы жағынан 176 орынға бөліп орналастырылған.TI рейтинг басында тұрған елдердің ашық үкімет орнату, сөз бостандығы мен азаматтардың құқықтарын қорғау, сот тәуелсіздігі сияқты өлшемдер жағынан озық екенін айтады.

Ұйымның қорытындылауына қарағанда, жүйелі жемқорлық пен әлеуметтік теңсіздік — бірін-бірі тудыратын жалғаспалы құбылыстар. TI жемқорлықты негізінен билік пен байлықтың әділ бөлінбеуі, қоғам есебінен шағын топтардың баюы деп көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу