Қазақстан жерасты су қорының 7-10 пайызын ғана пайдаланып отыр

367

4 мыңнан аса жерасты су көздері барланған.

Қазақстан жерасты су қорының 7-10 пайызын ғана пайдаланып отыр Фото: informburo.kz

Жерасты сулары жіті зерттелмеген, қорлардың едәуір бөлігі барланбаған күйде қалып отыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Атырау және Маңғыстау облыстарының халқын ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік "Көкжиде", "Айшуақ" және "Солтүстік-Айшуақ" жерасты су көздерінен аталған облыстардың елді мекендеріне дейін өнімділігі тәулігіне 170 мың текше метр құрайтын магистральдық су құбырын салу мәселесін пысықтауда. Бұл жобаның жүзеге асырылуы шамамен   1,5 млн адамды ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні мемлекеттік инвестициялық жоба әзірленіп, экономикалық қорытынды алу үшін Ұлттық экономика министрлігінің қарауына енгізілді", – деді Нұржан Нұржігітов.

Елде 4 мыңнан астам жерасты су көздері барланған. Олардың бекітілген пайдалану қоры жылына 15,7 миллиард текше метр шамасында. 

"Алайда бүгінгі күні бұл ресурс бекітілген қордың бар болғаны 7-10 пайызы ғана пайдаланылуда. Жерасты сулары жеткілікті зерттелмеген, қорлардың едәуір бөлігі барланбаған күйде қалып отыр, ал олардың нақты әлеуетін айқындау үшін қосымша ауқымды зерттеулер мен бағалау жүргізу қажет", – деп атап өтті министр.

Осыған байланысты ведомство жерасты суларын кешенді пайдаланудың тұжырымдамасын әзірлеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу