Қазақстан жеті жылда 50-орыннан 14-орынға көтерілді

618

WorldSkills стандарты бойынша өткен Еуразия чемпионатында Қазақстан колледждерінің үздік студенттерінен жасақталған ұлттық құрама 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusinnes.kz министрліктің баспасөз қыметіне сілтеме жасап.  

Қазақстан жеті жылда 50-орыннан 14-орынға көтерілді

Онлайн форматта өткен жарыста отандастарымыз Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің өкілдерімен бақ сынады. Нәтижесінде қазақстандық студенттер "Электромонтаждау жұмысы", "Графикалық дизайн", "Шаштараз өнері", "Сылау және декоративтік жұмыс", "Бизнеске арналған бағдарламалық шешім", "Кондитерлік іс" және "Сән технологиясы" сынды  7 бағытта топ жарды. 

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова: "Биыл Еуразиялық чемпионатты ұйымдастыруға қатысушы елдердің барлығы атсалысты. Олар алаң жасақтап, қатысушыларға қажетті құрал-жабдық ұсынды. Еуразия чемпионатының мақсаты – кадр даярлауда ұлттық жүйені жетілдіріп, жаңа дағды қалыптастыру үшін тәжірибе алмасу", – деді. 

Айта кетейік, біздің ел WorldSkills қозғалысына 2014 жылы қосылды. Содан бері ұлттық құрама халықаралық жарысқа тұрақты қатысып келеді. 

Жеті жылда Қазақстан 50-орыннан 14-орынға көтерілді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу