Қазақстан жолдарында көліктік бақылаудың жаңа ережелері күшіне енді

699

Қазақстан жолдарында көліктік бақылаудың жаңа ережелері күшіне енді

29 маусымда Қазақстанда көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережелеріне өзгертулер енгізілді. Жаңа енгізілімнің мақсаты - сыбайлас жемқорлық фактілерін жою, сондай-ақ көлік заңнамасын жетілдіру.

Жаңа ережелерде көлік құралының салмағын және көлемін өлшеу тәртібі рәсімделген, инспекторлардың кейбір процедураларды өткізу уақыты белгіленген. Осымен жүк тасымалдарын автомобиль көлiгiмен жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттардың болуын, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексеруге арналған уақыт 10 минуттан аспауы керек; көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін анықтау уақыты 20 минуттан аспауы керек (ал алты және одан көп білікті автокөлік құралына – 30 минут); әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізсе инспектордың тексеру уақыты 60 минуттан аспауы керек.

Осымен бірге, көліктік бақылауды жүзеге асырылуын портативті алып жүретін бейнетіркегішке (бейнежетон) белгілеу жаңа енгізілім болып саналады. Бейнежетондарды пайдалану инспекторлардың жұмысының тиімділігін арттыруға, қабылданған шешімдердің заңдылығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге қажет.

Бұдан басқа, енді инспектор әрбір тексеріс нәтижесі бойынша актіні толтыруы міндетті болады. Көлікті бақылау бекеті  қызметкерінің қолы қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі көлік құралының жүргізушісіне беріледі. Көлік құралында пломбыланған жүк болған жағдайда, осы актінің болуы жүргізішілерді келесі көліктік бақылау бекеттерінде тоқтатқан жағдайда қайта бақылау жасауға жол бермейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу