Қазақстан ЖОО-да оқитын шетелдік студенттер саны азайып келеді

633

Биылғы оқу жылында олардың саны үш есе қысқарған. 

Қазақстан ЖОО-да оқитын шетелдік студенттер саны азайып келеді Фото: КазТАГ

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022/23 оқу жылында 4 749 шетелдік студент еліміздің ЖОО-на қабылданған. Бұл соңғы 7 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Ал, ең жоғары көрсеткіш 2019/20 оқу жылында тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Пандемияға дейінгі оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарына 16 933 шетелдік қабылданған. Биылғы көрсеткіштен 3,5 есе көп.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, елімізде жоғары білім алатын әрбір төртінші шетелдік студент грантта оқиды. Биылғы абитуриенттердің арасында білім беру грантын 1057 шетелдік иеленген, жалпы көрсеткіштің 22,3%-ы. Ал, 2019/20 оқу жылында грант иеленген шетелдік студенттердің үлесі 6,5%-ды құраған болатын. Ал, грантта оқитын қазақстандық студенттердің үлесі 35% екен.

Елімізде  жоғары білім алуға  негізінен Өзбекстандық жастар ниетті. Биыл бұл елден 1813 адам келген. Одан кейінгі орындарда 699 студентпен Пәкістан, 510 адам білім алатын Үндістан және 431 студент келген Ресей орналасыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу