Қазақстан ЖОО курсанттары математикадан халықаралық олимпиадада екінші орын алды

819

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери ЖОО-лардың курсанттары өздерінің математикалық білімдерін көрсетіп, күрделі инженерлік тапсырмаларды шешті.

Қазақстан ЖОО курсанттары математикадан халықаралық олимпиадада екінші орын алды

Қазақстанда ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында өткен V Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери ЖОО-лардың курсанттары өздерінің математикалық білімдерін көрсетіп, күрделі инженерлік тапсырмаларды шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Ресей Федерациясы курсанттарының командасы жеңіске жетті. Екінші орынға Қазақстан командасы жайғасты, үшінші орынды Өзбекстан Республикасы місе тұтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу