Жүк жөнелтушілер бірқатар төлем мен алымнан, айыппұлдан босатылды

1092

"ҚТЖ" ҰК " АҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде төтенше жағдай кезеңінде жүк тасымалдаумен байланысты айыппұлдарды, алымдарды және төлемдерді алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүк жөнелтушілер бірқатар төлем мен алымнан, айыппұлдан босатылды

Шешім "Темір жол көлігі туралы" ҚР Заңы аясында, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып қабылданған.

Атап айтқанда, мыналар есептелмейді:

- Жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл;
- Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иелерінің кінәсінен болған, меншікті (жалға алынған) вагондардың бос тұрғаны, магистральдық, станциялық жолдарда контейнерлердің кідіргені үшін төлем.

Бұдан басқа, форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүк алушыларға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 еселік емес, бір еселік мөлшерде алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу