Қазақстан 2016 жылдың басынан бері сыртқы нарықтарға 7,9 млн тонна астық тасымалдаған, деп мәлім етті ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов.
"Бүгінгі таңда астық экспорты 7,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 12%-ға артық", – деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" хабарлайды.
Қайрат Айтуғанов үстіміздегі маркетинг жылында 8,5-9 млн тонна астық экспортталады деп болжанып отырғанын тілге тиек етті.
Биылғы жалпы жиналған астық көлемі 23,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 млн тоннаға артық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу