Биыл Қазақстанда сыртқы қарыздың өсіміне қарағанда экономикалық өсім қарқыны жоғары, деп хабарлайды naryk.kz.
Finprom-ның есебіне сүйенсек, жыл басынан бергі алғашқы екі тоқсанда Қазақстанның мемлекеттік және жекелеген компанияларының сыртқы қарызы 1,5 пайызға артып, қыркүйектегі мәлімет бойынша 167,9 млрд долларға жетті. Бұл елдің ішкі жалпы өнімінің 112,4 пайызына тең.
Ал бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің сыртқы қарызға қатынасы 114,9% шамасында болған еді.
Биыл екінші тоқсанда сыртқы қарыз 1,5 пайызға өскен болса, былтыр бұл көрсеткіш 4,2% құрады.
Жыл соңына дейін үкімет пен орталық банк, екінші деңгейлі банктер мен компаниялар 15,9 млрд доллар сыртқы қарызды төлеуі керек. Соның ішінде 13,1 млрд доллар негізгі қарыз болса, 2,8 млрд доллар пайыз бойынша.
Ал 2018 жылы тағы 19,3 млрд доллар қарызды жабу керек.