Қазақстан жылына 35 мың тонна дәретхана қағазын импорттайды

1164

Елімізде целлюлоза негізінде шикізат дайындайтын жалғыз ғана компания бар. Оның өзі тек жеке бас қажеттілігін ғана жауып отыр. 

Қазақстан жылына 35 мың тонна дәретхана қағазын импорттайды

Қазақстан жылына 35 мың тонна дәретхана қағазын импорттайды. Отандық тауар өндірушілер болса ішкі нарықтағы сұраныстың 40 пайызын ғана қанағаттандыра алады. Басты себеп – шикізат жетіспеушілігі, деп хабарлайды Atameken Business. 

Елімізде целлюлоза негізінде шикізат дайындайтын жалғыз ғана компания бар. Оның өзі тек жеке бас қажеттілігін ғана жауып отыр. Сала өкілдері шикізат дайындаумен айналысуға дайын. Тіпті, өндірісті жолға қоюдың жобасын да әзірлеген. Алайда, қажетті қаражат қомақты болғандықтан қазақстандық банктер қаржыландырудан бас тартуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу