Қазақстан жылыжай өндірісін дамытуда Өзбекстан тәжірибесін қолданбақ

553

Бұл туралы AgroWorld Uzbekistan көрмесінде ауыл шаруашылығы вице-министрі айтты.  

Қазақстан жылыжай өндірісін дамытуда Өзбекстан тәжірибесін қолданбақ Фото: zakon.kz

Еліміз жылыжай өндірісін дамытуда Өзбекстан тәжірибесін қолданбақ. Әбілхайыр Тамабек Қазақстан астығының ең үлкен тұтынушы осы көршіміз екенін атап өтті. Сондықтан аграрлық саладағы 2 ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту өзекті мәселе,-деді.

Жалпы Ташкенттегі халықаралық шараға 20-дан астам елден 170 компания қатысып жатыр. Көрмеде ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар таныстырылды. Жаңа өнімдер өндіріс процессін жеңілдетіп, дайын өнімнің сапасын арттыруға бағытталған. Оған қоса, көрменің егін науқанының алдында ұйымдастырылуы шаруалардың жұмысын жеңілдетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу