Минскі сапары: Құны $100 млн-нан асатын келісімшарттар жасалды

628

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.  

Минскі сапары: Құны $100 млн-нан асатын келісімшарттар жасалды Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Минск қаласына сапары аясында сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 2025 жылы тауар айналымы шамамен $1,2 млрд-ты құрады. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 35%-дан астам өсті. Премьер-министрдің сапары барысында жалпы сомасы $100 млн-нан асатын келісімшарттар жасалды. Олардың қатарында өнеркәсіп кооперациясы жобалары мен Беларусь Республикасына автокөлік жеткізу жөніндегі келісімдер бар. Жалпы, өнеркәсіп кооперациясына және агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізуге баса назар аударылды, – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Атап айтқанда, "Hyundai Trans Auto" ЖШС өндірген 790 коммерциялық автокөлікті 2027–2028 жылдары Беларусь еліндегі серіктесі – "Эр Си Эм" ЖШҚ компаниясына жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Олардың жалпы құны кемінде $30 млн-ды құрайды.

Қазақстандық автокөлік өндірушілерінің Беларусь нарығына экспорттауға расталған жиынтық әлеуеті жылына 4,5 мың автокөлікке дейін жетеді. Сондай-ақ қазақстандық сусындар мен өзге де өнімдерді жеткізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу