Қазақстанда "Е-шаңырақ" электронды платформасы іске қосылады

1670

Қазақстанда "Е-шаңырақ" электронды платформасы іске қосылады

2017 жылдың соңына дейін пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған, оның аясында электронды форматта ПИК шығындары қадағаланады, деп хабарлады ҚР үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, деп хабарлады Primeminister.kz.

Жүйенің басты мақсаты – шығындарды бекіту, қаражаттарды жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарушы ПИК таңдауды әлдеқайда ашық ету.

"Қазір біз ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, "Зерде" компаниясымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Жыл соңына қарай жоба пилоттық режимде іске қосылады", — деді Мархабат Жайымбетов.

Ұйымдастырушылар электронды платформаны іске қосқаннан кейін ПИК жұмысы реттеледі,  тұрғын үй қатынастарының көп жылдық мәселелері шешіледі деп сенеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу