Қазақстанда "Green Bridge" институты ашылады

850

Қазақстанда "Green Bridge" институты ашылады

Астанада жаңартылатын энергия көздері бойынша саммит өтті. Саммитте "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАҚ (IGTIC) басшысы Рәпіл Жошыбаев БҰҰ-ның "Жаңартылатын энергетикадағы жаһандық үрдістер" есебінің деректері бойынша өткен жылы әлемдегі ЖЭК-ке рекордтық 279 миллиард доллар салынғанын, ол көмір мен газда жұмыс істейтін қуатқа салынған инвестициялардан  103 миллиард долларға көбірек артқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы Қытай болып отыр, ол 2017 жылы 126 миллиард доллар ақша салды. Осылайша, "күн" қуаттарының әлемдік өсімінің жартысынан көбін қамтамасыз етті. Қытайдан басқа, Үндістан күн энергетикасы әлеуетінің ерекше қарқындарымен арттыруда, биыл ол жаңа қуаттың 11 ГВт орнатып, осылайша АҚШ-тан озып кетті. 

Қазақстандық орталық осы елдерді ең заманауи технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, Еуропа мен Азия арасындағы көпірді қалыптастыру үшін Орталық Азиядағы қажетті тірек конструкциясына айналуы мүмкін. Рапиль Жошыбаев атап көрсеткендей, озық елдердің іскерлік топтарының өкілдері Қазақстанда әлеуетті инвесторлар мен бизнес жобаларға құқықтық және техникалық қолдауды көрсететін бірыңғай оператордың пайда болатынына өз қызығушылығын ерекше атап көрсетті.

Сондай-ақ IGTIC басшысы Қазақстанда "Green Bridge" институтының ашылатыны жайлы хабарлады, оның міндеті - проблемалық тақырыптарды зерттеу және "жасыл" энергетика объектілерін одан әрі енгізу. Сонымен қатар, оның баяндамасынан халықаралық және шетелдік ұйымдардың қаражаттарын тарту және жобаларды бірлесіп қаржыландыру мәселелерімен әлеуетті инвесторлардың қаражаттарын шоғырландыру үшін құрылған "Жасыл қор" айналысатыны белгілі болды.

"ЖЭК саласындағы көшбасшылардан бағыт ала отырып, біздің Орталық  деректерді жинау және өңдеу мақсатында Қазақстанда жерді қашықтықтан зондтау және цифрландыру бойынша зертхананы ашу туралы Қытайдың Ғылым академиясының Зерттеу орталығымен және  "Солтүстік аумақтармен экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағдарламалары" шеңберінде Кореядағы Жасыл технологиялар орталығымен бірқатар келісімдер жасады. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру туралы ЖЭК саласындағы ірі инвесторлармен, атап айтқанда Shell, Chevron, Sky power, Jinko Solar компаниялармен және Karachaganak Petroleum және ERG" сияқты жетекші қазақстандық инвестициялық компаниялармен уағдаластыққа қол жеткізілді, - деп атап көрсетті Рәпіл Жошыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу