Қазақстанда "Көмірсутектік ізіңді тап" мобильдік қосымшасы іске қосылады

1064

Қазақстанда "Көмірсутектік ізіңді тап" мобильдік қосымшасы іске қосылады

Қазақстанда 15 қарашадан бастап табиғи заттарды қолдану мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында "Көмірсутектік ізіңді тап" мобильдік қосымшасы іске қосылады. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.

"Қазақстанда бұл бағытта БҰҰДБ қолдауымен өте көп жобалар жүзеге асырылуда, қазір "Көмірсутектік ізіңді тап"   ірі жобасы жүзеге асырылуда.  Бұл қала экономикасының дамуы мен әлеуметтік сала, қоршаған ортаның бірігіп дамуы болып табылады. Егер біздің қалалар тұрақты дамымайтын болса, халық үшін қажетті пайданы таба алмаймыз. Бұл сапалы транспорт пен сапалы баспана, сапалы қызмет", – деді ол.

"ТКШ-ЭКСПО-2016"  көрмесінде "Көмірсутектік ізіңді тап" жобасы таныстырылды, қосымшаны әрбір қазақстандық  қолданыла алады.

"Кез келген адам  климатқа әсер етеді, көлікте жүрген адам, электр энергиясын, жарықты қолдану арқылы және атмосфераға СО2 қалдығын шығару арқылы жаһандық климатқа әсер етеміз. Осы сынды мәселелерді реттеуге  15 қарашадан бастап  табиғи заттарды қолдану мен қоршаған ортаны қолрғау мақсатында  "Көмірсутектік ізіңді тап"  мобильдік қосымшасы іске қосылады", – деді ол.

Маманның айтуынша, аталмыш өнім жастарға бағытталған.

"Жастар өздерінің қаншалықты зиян келтірулерін көріп, энергияны аз кетіреді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу