2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 153 кәсіпорында 1,2 мыңнан астам жұмыскер алдында 719 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында еңбек заңнамасын бұзудың 2,7 мыңнан астам дерегі тіркелді.
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты кәсіпорын басшыларына 1 630 міндетті нұсқама беріліп, жалпы сомасы 187,4 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 859 жұмыскерге 535,8 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы өтеліп, олардың құқықтары қорғалды.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 446 тексеру жүргізіп, 2 799 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 2 340 дерек еңбек қатынастарына, 433 дерек еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, ал 26 дерек жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 21,9 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.