Қазақстанда 1,3 мың шақырым болатын теміржол салынады – министр

161

Бұл 4 теміржол жобасын қамтиды. 

Қазақстанда 1,3 мың шақырым болатын теміржол салынады – министр Фото: ҚТЖ

Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында жалпы ұзындығы 1300 шақырымды құрайтын 4 теміржол жобасын іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың (836 км) және Алматы айналма жолының (74 км) құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, Дарбаза-Мақтаарал (152 км) және Бақты-Аягөз (272 км) желілерінің құрылысы басталды. Бұл жобаларды іске асыру Достық станциясының өткізу қабілетін жылына 35 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, Алматы станциясы арқылы жүк өткізу уақытын қысқартуға, Сарыағаш станциясын босатуға мүмкіндік береді", – деді Марат Қарабаев.

Министр бұл Орталық Азия мен Қытай бағыттарындағы инфрақұрылым қабілетін 20 млн тоннаға артыратынын да айтты.

Айта кету керек, осыған дейін "Қазақстан темір жолы" компаниясы пойыздардың кешігу себебін түсіндіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу