Қазақстанда 1,5 мыңға жуық адам Наурыз есімді азамат тұрады

485

 Олардың басым бөлігі — ер адамдар, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда 1,5 мыңға жуық адам Наурыз есімді азамат тұрады Фото: almaty.tv

2025 жылдың өзінде 53 балаға Наурыз сөзімен байланысты есім қойылған. Ата-аналар балаларының есімі арқылы олардың тағдырына ізгі тілек білдіреді, жақсы өмір сүруіне ықпал етеді деп сенеді. Бұл пікірді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов та қолдайды.

– Қазақ халқы балаға есімді ырымдап қояды. Бұл – өзіндік философиясы бар үрдіс. Ат адамның тағдырына әсер етеді. Өйткені бала өз есімінің мағынасы мен оған қойылған себепті естіп, түсініп өседі. Сондықтан әрбір ата-ана ұрпағына ат қоярда ойланып, салмақтап барып шешім қабылдағаны дұрыс, – дейді сенатор.

  • Наурызбайлар мен Наурызгүлдер ең көп таралған өңір — Маңғыстау облысы (282 адам).
  • Түркістанда – 172, Қызылордада – 165 тұрғын бұл есімді иеленген.
  • Шымкент қаласында 83, Астанада – 62, Алматыда – 42 Наурыз есімді азамат бар.
  • Бұл есім сирек кездесетін өңірлер: Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары.

Ең егде Наурыз есімді азамат 84 жаста. 2023 жылы бұл есім 9 нәрестеге берілген. Сонымен қатар елімізде Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді, оның төртеуі – әйел адам.

Соңғы 30 жылда 1000-нан астам балаға Наурыз есімі қойылған. Бұл Наурыз мерекесінің халық санасындағы маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу