Қазақстанда 1,8 млн оқушы су үнемдеу тақырыбында сабақ алды

202

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары "Суды үнемде – болашақты сақта" республикалық акциясы аясында ел мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр.

Қазақстанда 1,8 млн оқушы су үнемдеу тақырыбында сабақ алды Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқыту Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізілуде.

"Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу