Қызылорда облысында 1,88 млрд теңгені заңдастыру схемасы әшкереленді

294

Екі күдікті қамауға алынды. 

Қызылорда облысында 1,88 млрд теңгені заңдастыру схемасы әшкереленді Фото: Бейнежазбадан

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

Сонымен қатар, күдіктілер "Fresh", "Butterfly", "CrystalOrganic", "Траутвайт НОН киви" және "SkittyShop" Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу