Қазақстанда 1,9 мың шақырым су желісі жаңғыртылмақ

140

Осылайша олардың тозу деңгейі 43%-ға төмендетіледі.  

Қазақстанда 1,9 мың шақырым су желісі жаңғыртылмақ Фото: primeminister.kz

Сумен жабдықтау және су бұру саласы – коммуналдық шаруашылықтың ең өзекті мәселесінің бірі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің айтуынша, инженерлік желілердің тозуы, жиі болатын апаттар, қуаттың жеткіліксіздігі және ескірген технологиялар коммуналдық қызметтердің сапасына кері әсерін тигізіп отыр.

"Қазіргі таңда Ұлттық жобаның платформасында жалпы құны шамамен 330 миллиард теңгеге 105 жоба орналастырылған. Оның ішіндегі 20 жобаның құрылыс жұмыстары басталды, 58 жоба іске асыруға дайын, 2 жобаның тарифті бекіту рәсімі аяқталуда, тағы 25 жоба қаралуда. Сонымен қатар жалпы сипаттағы трансферттер аясында 209 миллиард теңгеге 516 жобаны қаржыландыру көзделген", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 1,9 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылып, олардың тозу деңгейі 43%-ға төмендейтіні айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу