1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейеді

138

Үкімет 2024 жылғы 19 қарашада "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" қаулыны бекітті. 

1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейеді Фото: Фонд саби

Үкімет елімізде 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төлемдер асыраушысынан айырылу және еңбекке жарамдылығын жоғалту бойынша алынатын жәрдемақылар мөлшерінен 6,5%-ға өседі.

Айта кетейік, бұған дейін  2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге  жәрдемақы төлемі келесідей болды. 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 69 886 теңге беріліп келді. Мысалы, енді олар 69 886 теңгенің орнына 74 428,59 теңге алады. Осылайша (4 542,59 теңге қосылады).

Сонымен қатар 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін ата-ана жалпы 139 772 теңге алады. Ал 7-18 жас аралығындағы 1-топтағы мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін ата-ана жалпы 165 382 теңге алады.

7-18 жас:

1-топ: 95 496 теңге.
2-топ: 79 435 теңге.
3-топ: 69 886 теңге.

Бала кезінен мүгедектер үшін:

1-топ: 95 496 теңге.
2-топ: 79 435 теңге.
3-топ: 69 886 теңге.

Жалпы аурулар немесе қызмет барысында жарақат алған мүгедектер үшін:

1-топ: 95 496 теңге.
2-топ: 76 397 теңге.
3-топ: 52 089 теңге.

Әскери қызмет пен арнайы міндеттерді орындау кезінде жарақат алған мүгедектер үшін:

1-топ: 171 024 теңге.
2-топ: 131 958 теңге.
3-топ: 100 271 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу