Қазақстанда 1 қыркүйек күні қанша бала мектеп табалдырығын аттайды?

Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектің енгізілуі.  

Қазақстанда 1 қыркүйек күні қанша бала мектеп табалдырығын аттайды? Фото: google.kz

Сонымен қатар, биыл елімізде 1-сыныпқа қабылданатын балалар саны да аз емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мектеп бітіретін сыныпқа, яғни 11-сыныпқа 232 мың оқушы өтіп отыр. 

– Қазіргі кезде елімізде 8 мыңнан аса мектепте 4,1 миллион оқушы білім алуда. Биыл 341 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады. Жаңа оқу жылының ерекшелігі, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілетін болады. Ол үшін "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды, этикалық стандарттары бекітілді. 1-11-сынып оқушыларына арналған "Day of Al" онлайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді, – деді ол Үкімет отырысында. 

Жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Келешек мектептері" моделін басқару жүйесі іске қосылмақ. Осы мақсатта оны басқарудың және аккредиттеудің стандарттары әзірленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу