Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап қызметкерлердің вакцина алуы тексеріледі

916

1-ші қыркүйектен бастап елімізде қызметкерлер-дің вакцина алған-алмағаны тексеріледі, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап қызметкерлердің вакцина алуы тексеріледі

Бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері – Ерлан Қиясов міндетті екпе жүргізудің жаңа шарттарын бекіткен.  Ал бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алу мерзімі аяқталды. Әзірге нақты алгоритм жоқ. Десек те, қызметкерлер-дің екпе төлқұжаты, вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы куәлік, соңғы үш ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілім немесе бұрынғы COVID-19-бен ауырғаны туралы анықтамалар тексерілмек. Бұл құжаттардың біреуі де болмаған жағдайда, кәсіпкерлер айыппұл төлеуге міндеттеледі. Оның құны 5-тен бастап 500 айлық есептік көрсеткіш негізінде саналады. Ал Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы вакцина алмаған қызметкерлерді жазаға тарту заңсыз дейді. Ол аздай, мониторингтік топтардың екпе рейдтерін жүргізуі де негізсіз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу