Қазақстанда 1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

373

2022 жылдан бері мемлекетке 15,4 млн гектар жер қайтарылды.  

Қазақстанда 1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды Фото: drive2.ru

Қазақстанда биыл мемлекет меншігіне қайтарылуы жоспарланған 1 млн гектар ауыл шаруашылығы жерінің жоспары толық орындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе жер заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Жерді қайтару жұмыстары пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау және заң талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар жер ресурстарын тиімді пайдалануға, алқаптарды қайтадан шаруашылық айналымына тартуға және олардың пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

Жер заңнамасының сақталуын бақылау және жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,4 млн гектар жер қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу