Қазақстанда 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауардың қоры бар

572

Республикада 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстанда 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауардың қоры бар Фото: primeminister.kz

"Өңірлердің жедел деректері бойынша осы жылдың 2 ақпанындағы жағдай бойынша республикада 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры бар. Оның ішінде кәсіпорындарда, көкөніс қоймаларында - 519 мың тонна, қоймаларда (көтерме-тарату орталықтарында, сауда логистика орталықтарында) – 194,7 мың тонна, сауда желілерінде – 183,3 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 24,4 мың тонна. Әкімдіктер өткен жылдың күзінен бастап осы жылдың маусымаралық кезеңінде нарыққа реттеуші әсер ету үшін көкөніс қорларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Біз өз тарапымыздан әкімдіктерге "инфляциялық кезеңде" (ақпан-мамыр) ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін көкөністер бойынша ұсынылатын көлемді жеткіздік", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, картоп бойынша министрлік ұсынатын көлем 73 мың тоннаны құрайды. Абай, Ұлытау және Алматы облыстарының әкімдіктері өңірлік сұранысты ескере отырып, қажеттілік көлемін азайтқан.

"Жалпы, өңірлер 85,8 мың тонна картопқа келісімшарт жасады. 13 өңір жасыл аймақта тұр, онда келісімшарттар көлемі министрлік ұсынатын көлемінің 100 және одан да көп пайызын құрайды. Келісімшарттардың көлемі 50%-дан 100%-ға дейінгі сары аймақта 7 өңір орналасқан (СҚО, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау облыстары, Шымкент). Картоп өндірушілердің негізгі өңірлері – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары нарықтағы картоп қорының жеткіліктілігін атап өтуде. Әкімдіктердің деректері бойынша ішкі нарық қажеттілігін ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап оңтүстік елдерден 5,1 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдер есебінен, шілде айында Түркістан облысынан 4,9 мың тонна көлемінде ерте картоп жеткізу есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр", - деп қорытындылады министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу