Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

1150

2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.  

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясы жолаушы тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп отыр.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған. Аталмыш вагондар мына бағыттарға қатынайтын жолаушы пойыздарының құрамында бар: Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей.

Сонымен қатар, 1 тоқсанда 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде.

 Бұл вагондар мына бағыттар бойынша қатынайды: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу