Қазақстанда 1 тәулікте 22 табиғи өрт пен жану тіркелді

283

17 табиғи өрт пен жану оқиғасы сөндірілді.  

Қазақстанда 1 тәулікте 22 табиғи өрт пен жану тіркелді Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Өткен тәулікте елімізде 22 табиғи өрт пен жану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен оның 17-сі сөндірілді.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстарында 13 табиғи өрт пен жану ошағы бақылауда тұр. Сағат 13:00-дегі мәлімет бойынша Абай және Ақмола облыстарындағы үш табиғи жану ошағы жойылды.

Өрттерді сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен техникалары жұмылдырылған. Аумақтағы жағдай тұрақты бақылауда, сондай-ақ дрондардың көмегімен әуеден мониторинг жүргізіліп жатыр.

Құтқарушылардың басты міндеті – өрттің елді мекендерге, тұрғын үйлерге, шаруашылық нысандары мен ауыл шаруашылығы алқаптарына таралуына жол бермеу.

Жағдай ТЖМ бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу