Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, қазір халықтан жымқырылған ақша түгелдей қайтарылған. Қылмыстық топ жұмысын интернет арқылы жүргізіпті. "Оңай олжа табасың" - деген сипаттағы 13 мыңнан астам жарнамалық интернет – сілтеме бұғатталды.
"Қаржылық пирамиданың құрығына іліккен азаматтарға 19 мыңнан астам ескерту хабарламаларын жолдадық. 15 мың адам әлеуметтік желідегі күмәнді аккаунттарға жазылудан бас тартты. Десе де бұндай жолмен қыруар қаржы табатынына сенетін азаматтар әлі де бар" - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу