Қазақстанда Абай есімді 10 қыз бала тұрады

494

Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар?  

Қазақстанда Абай есімді 10 қыз бала тұрады Фото: Астана қаласы әкімдігі

Биыл Қазақстанда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы ақынның есімімен байланысты қызықты деректі жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің басым бөлігі Астана қаласы (2089 адам), Түркістан облысы (2018) және Алматы қаласында (1719) тұрады.

"Абай есімді ең егде тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Бұл есім ең көп таралған жас тобы – 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны – 3 228 адам. Биылғы бірінші жарты жылда туған 157 нәрестеге Абай есімі берілген", – делінген хабарламада.

Абай есімі қыз балаларға да қойылған, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген.

Ал, Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны елімізде 35 404 адам.

Ақынның құрметіне елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлға есімі берілген екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу