Қазақстанда 10 млн гектардан астам қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері қайта бөлінді

381

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша 7100-ден астам тексеру жүргізілген.  

Қазақстанда 10 млн гектардан астам қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері қайта бөлінді Фото: eldala.kz

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықпен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Кешенді шаралар комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау құрылымдарының және AMANAT партиясының "Жер аманаты" жобасы комиссиясы мүшелерінің белсенді қатысуымен қолға алынып келеді.

"14,8 млн гектар жердің 10,8 млн гектары қайта бөлінді, оның ішінде 6,7 млн гектары конкурс негізінде берілді, ал 4,1 млн гектары ортақ пайдалану жерлері ретінде бекітілді.

Бұдан бөлек, бұрын пайдаланылмаған 5,2 млн гектар жер тиісті шаралар қабылданғаннан кейін шаруашылық айналымға берілді", – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Жалпы жер ресурстарын ұтымды пайдалану барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 5300-ден астам нұсқама берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу