Қазақстанда 10 жылда АИТВ инфекциясын жұқтыру 2 есе өскен

485

Адамның иммун тапшылығы вирусының инфекциясы тек елімізде ғана емес, бүкіл әлемде де өзекті мәселе болып отыр.  

Қазақстанда  10 жылда АИТВ  инфекциясын жұқтыру 2 есе өскен Фото: google.com

Елімізде АИТВ инфекциясымен сырқаттанушылық артуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады inbusiness.kz

"Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ)  инфекциясымен сырқаттанушылық  2 есеге артты (2013 жылғы 11,5-тен 2022 жылы 20,3-ке дейін). Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромынан (ЖИТС) болатын өлім-жітім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді (2018 жылғы 1,5-тен 2022 жылы 0,9-ға)", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу