Қазақстанда 104 стоматологиялық клиника жабылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер: "Республикада стоматологиялық клиникаларға жүргізілген жаппай тексеріс нәтижесі шықты ма?" деп сұрады.
"Тексерулер жүргізілді. Жалпы алғанда 500-ге жуық тексеру аяқталды. Соның ішінде 104 стоматологиялық клиника өз еріктерімен лицензиясын қайтарды. Тағы 38 клиника бойынша материалдар сотқа жолданды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лицензияны қайтарып алу екі жолмен жүзеге асады: меншік иесінің өз еркімен немесе сот шешімі арқылы", – деп жауап берді спикер Сенат кулуарында.
Бауыржан Жүсіпов 104 стоматологиялық клиника жабылғанын нақтылады.
Айта кету керек, бұған дейін мемлекеттік қызметшілердің жеке мүдделері туралы декларациясы ашық жарияланбайтынын жазғанбыз.