Қазақстанда 100 мың гектар жасанды орман құрылады

347

Жоба орман алқаптарын кеңейтіп, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.  

Қазақстанда 100 мың гектар жасанды орман құрылады Фото: mnr.gov.ru

Қазақстанда орман алқаптарын ұлғайтуға бағытталған жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Орталық Азияның Жасыл белдеуі" бастамасы аясында ел аумағында 1 млн гектардан астам жерде орман екпелерін құру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Private Company "First Carbon Group Ltd." орман-климаттық жобалар мен көміртек бірліктері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

kaz.inform.kz

– Құжат орман екпелерін құру, деградацияға ұшыраған жерлер мен экожүйелерді қалпына келтіру, парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайту, көміртек бірліктерін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық климаттық және инвестициялық қаржыландыруды тарту жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін негізді қалыптастырады. Осы меморандум шеңберінде кейіннен ауқымын кеңейту мүмкіндігімен шамамен 100 мың гектар аумақта жасанды ормандар құру көзделеді. Жалпы, "Орталық Азияның Жасыл белдеуі" бастамасын іске асыру шеңберінде еліміздің аумағында 1 млн гектардан астам жерде орман екпелерін құру жоспарланып отыр, – делінген Экология министрлігі хабарламасында.

Бастама орман шаруашылығына инвестиция тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Меморандум Қазақстанда орман-климаттық жобаларды жүйелі түрде іске асыруға жол ашпақ. Жобалар табиғи экожүйелерді қалпына келтірумен қатар, климаттық және инвестициялық міндеттерді шешуге бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу