Қазақстанда 100 мыңнан астам адам COVID-19 індетінен емделіп жатыр

987

2 тамыздағы мәлімет бойынша елде 101 702 адам коронавирус инфекциясынан (98 951 КВИ+ және 2 751 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 100 мыңнан астам адам COVID-19 індетінен емделіп жатыр

Емделіп жатқандардың ішінде 28 541 пациент стационарда болса, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында  1 676 адамның жағдайы ауыр болса, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр. 196 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетсек ВАК бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 7 573 адам жұқтырғанын хабарлаған еді. Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 587 952 адамға жетті.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу