Қазақстанда 100 жаңа фермер жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Astana Agroforum-2018 республикалық кеңесінде "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасын таныстырған ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталған арнайы жоба аясында 100 жаңа ферма құру көзделіп отыр.
"Біз кепкісі шаң, қолы май-май емес, бірнеше тілді жетік білетін, жоғары білім алған, соған қарамастан ауылдық жерде еңбек етіп, табыс табатын жастардың әлеуетін ашуымыз керек", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу