Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1%. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Бұл 2024 жылдың фактісіне 100,7%. Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 477,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 115,8% құрады. Осы жылғы жоспар – 589,7 мың тонна немесе 2024 жылдың фактісіне 109,2%", – деді Ерлан Ақкенженов.
Есепті кезеңде 89,9 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,5%. Министр осы жылдың жоспары 117,9 млрд кВтсағат екенін жеткізді.
"9 айда жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясын өндіру 6,5 млрд кВтсағат немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 111,9% болды. 2025 жылғы жоспар – 7,2 млрд кВтсағат", – деді Энергетика министрі.