Қазақстанда 11 айда салық төлеушілерге 348 млрд теңге есептелген

240

Бұл – салықтық және кедендік тексерулердің нәтижесі. 

Қазақстанда 11 айда салық төлеушілерге 348 млрд теңге есептелген Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 18657 салықтық және кедендік тексеру жүргізілді. Олардың қорытындысы бойынша 348 млрд теңге есептелсе, оның 234 млрд теңгесі бюджетке түсті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2274-ке аз тексеру жүргізіліп, 241 млрд теңгеге аз есептелген, ал кіріс 117 млрд теңгеге артық.

Тексерулерді жүргізу үшін салық төлеушілерді таңдау тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу