Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады

704

Осылайша жол мамандары өзін-өзі қаржыландырады. 

Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады

"ҚазАвтоЖол" ҰК" мамандарының айтуынша, ақылы жол бөліктері жүргізушілердің қалтасынан алынған ақшаға жөнделіп, бюджетке түсетін жүктеме азаяды. 

Орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан субсидия бөлінгендіктен, әзірше, тариф бұрынғыдай сақталады. Шенділердің сөзінше, ҚР ИИДМ Автокөлік жолдары комитеті мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" арасындағы құзыретті бөлу желілік келісімшарт арқылы реттеледі. 

Қазақстандық жол мамандары бұл істе Австрия мен еуропалық Asfinag операторының тәжірибесіне сүйенбек. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл республикалық маңызы бар 8 жол бөлігі ақылы режимге көшеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу