Қазақстанда 11 мыңнан астам бос жұмыс орнында 300 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынылады

146

 IT мамандарына 2 млн теңгеге дейін жалақы ұсынылады.  

Қазақстанда 11 мыңнан астам бос жұмыс орнында 300 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынылады Фото: qz.inform.kz

Жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика салаларына мамандар іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғары жалақы білікті мамандарға олардың кәсібі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қарай ұсынылады. Сонымен қатар арнайы мамандығы немесе кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтарға да жұмыс орындары бар.

Қазіргі таңда 11 мыңнан астам бос жұмыс орнында жалақы мөлшері 300 мың теңгеден жоғары.

Жекелеген салаларда ұсынылатын ең жоғары жалақы көлемі мынадай:

  • IT саласында – 2 млн теңгеге дейін;
  • өндірісте – 1,7 млн теңгеге дейін;
  • құрылыста – 1,2 млн теңгеге дейін;
  • ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларында – 1 млн теңгеге дейін;
  • білім беру саласында – 750 мың теңгеге дейін.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу