Қазақстанда 117 жойғыш ұшақ пайдаға жарамсыз болып қалды

543

Олардың пайдалану мерзімі өткен.

Қазақстанда 117 жойғыш ұшақ пайдаға жарамсыз болып қалды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда 117 жойғыш ұшақ пайдаға жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  Индустрия және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін аукционға 117 ұшақ қойылған болатын. Қазақстандықтарды сатылымдағы жойғыш ұшақтары бар ерекше лот қызықтырды. Содан кейін министрлік ұшақтардың не себепті сатылып жатқанын түсіндірді.

"Көрсетілген 117 бірлік авиатехника (МиГ-23УБ, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31, Су-24МР) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне енгізілген және оны Қазақстан Республикасының аумағында кесу әдісімен кәдеге жарату арқылы жою шартымен электрондық сауда-саттықта (тендерлерде) оны жоюдың міндетті шартымен өткізуге жатады", делінген министрлік хабарламасында.

Қойылған мүлік, өзінің техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімінің түрі мен мақсаты бойынша әрі қарай пайдалануға жарамсыз және үшінші тұлғалардың пайдалануын болғызбау мақсатында кәдеге жарату (кесу және т.б.) жолымен жоюға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу