Қазақстанда 12 қазанға дейін жаңбыр жауып, тұман түседі

424

"Қазгидромет" синоптиктері 12 қазанға дейін Қазақстанда күтілетін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда 12 қазанға дейін жаңбыр жауып, тұман түседі Фото: ЖИ

Бірқатар өңірде жаңбыр жауса, шығыс аймақтарда жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Ел аумағында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Метеорологтардың мәліметінше, 10–12 қазанда орталық өңірлерде, ал 10–11 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

10–11 қазанда елдің оңтүстік-батысында, 11–12 қазанда солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Шығыс өңірлерде жауын-шашын 10 және 12 қазанда күтіледі. Ал 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жаууы ықтимал.

10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болжанып отыр. Сондай-ақ 12 қазанда Түркістан облысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай әртүрлі болады:

- Батыс Қазақстанда +22…+27°С;

- солтүстік-батыста +17…+25°С;

- солтүстікте +13…+20°С;

- орталықта +13…+22°С;

- шығыста +10…+22°С;

- оңтүстікте және Қызылорда облысында +23…+28°С;

- оңтүстік-шығыста +17…+25°С.

Түркістан облысында күндіз ауа температурасы +18…+23°С-қа дейін төмендейді.

Синоптиктер тұрғындарға түнде және таңертең тұман түсетінін ескеріп, жолда сақ болуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу