Қазақстанда 12 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылады

651

Шетел университеттерінің филиалдарын 2029 жылға дейін іске қосу жоспарда бар.  

Қазақстанда 12 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылады Фото: egemen.kz

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, аталған жұмыстар 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасы негізінде жүзеге асады. Сондай-ақ Қазақстан студенттеріне білім беретін шетелдік сарапшылардың санын да 1400-ге дейін көбейту көзделіп отыр.

Жауапты ведомство осылайша халықтың жоғары білім беру жүйесіне деген сұранысын қанағаттандырмақ. Айта кетейік, қазір негізгі 3 тұжырымда қабылданған, құжат 16 бағытты қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу