Елімізде 12 жаңа перзентхана салу жоспарланып отыр

134

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.  

Елімізде 12 жаңа перзентхана салу жоспарланып отыр Фото: informburo.kz

Елде туу көрсеткішінің артуына байланысты соңғы жылдары перинаталдық орталықтар салу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Соңғы бес жылда елімізде туу деңгейінің өсуіне байланысты жаңа перинаталдық орталықтар салу қолға алынды. Қазіргі таңда 12 орталықтың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Астанада перзентхана құрылысы жүріп жатыр. Ал жыл соңына дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысында да жаңа перинаталдық орталықтардың құрылысы басталады, – деді министр.

Сондай-ақ, брифинг барысында түсік жасату мәселесі де қозғалды. Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 70 мыңнан астам түсік жасалады. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі 25 пен 35 жас аралығындағы, яғни бала туу жасындағы әйелдерге тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу