Қазақстанда 121 ветеринарлық зертхананың қызметі тексерілді

220

Көптеген бұзушылықтар анықталды. 

Қазақстанда 121 ветеринарлық зертхананың қызметі тексерілді Фото: Техникалық реттеу және метрология комитеті

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері прокуратура органдарымен бірлескен тексеру барысында ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханаларын қоса алғанда, бүкіл ел бойынша 121 ветеринариялық зертхананың қызметін тексерді. Бұзушылықтар 98 зертханада анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Барлық анықталған бұзушылықтар бірдей сипатқа ие: аспаптарды тексеру туралы сертификатсыз қолдану, бұл қолданылатын аспаптардың дұрыстығын растаудың жоқтығын білдіреді. Мұндай құрылғыларға сүт сапасының анализаторлары, тамшуыр диспенсерлері, зертханалық таразылар, рН өлшегіштер және радиологиялық құрылғылар жатады.

Ветеринариялық-санитарлық сараптама тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың инфекциясын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы шикізаты мен жануарлардан алынатын азық-түлік өнімдері үшін жүргізіледі.

Тексеру барысында 3 мыңнан астам өлшеу құралдары тексерілді, оның 878-і тексерусіз пайдаланылған, бұл өз кезегінде "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңының 19-бабының бұзылғандығын білдіреді. Сондай-ақ 8 өлшеу құралы бойынша ҚР өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімінде мәліметтер жоқ.

Тексеру қорытындысы бойынша заңнама нормаларын, атап айтқанда Заңның 19-бабын бұзғаны үшін 98 зертхана ҚР ӘҚБтК-нің 419-бабына сәйкес жалпы сомасы 32 417 884 теңгеге белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, субъектілермен заңдылық нормаларын бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу