Елімізде 288 қауіпті сайт анықталды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, интернет желісінің қазақстандық сегментінде 124 домендік атаудың жұмыс істеуі тоқтатылған, деп хабарлайды 24.kz.
Белгілі болғаны, аталған сайттар желі қолданушыларының жеке деректерін бұзып, қауіпті бағдарламалар таратқан. Енді мамандар осы интернет-ресурстарды пайдаланған азаматтарға антивирустық құралдардың көмегін компьютерлерін тексеруді ұсынады.
"Сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартып отырған абзал", – дейді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу