Қазақстанда 127 млн тонна қоры бар алты жаңа мұнай кен орны табылды

92

2025 жылы жалпы қоры 127 миллион тоннадан асатын алты мұнай кен орны мемлекеттік балансқа енгізілген.  

Қазақстанда 127 млн тонна қоры бар алты жаңа мұнай кен орны табылды Фото: freepik.com

Қазақстанда мұнай-газ саласындағы барлау жұмыстарының нәтижесінде жаңа кен орындары анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа кен орындары негізінен Маңғыстау мен Атырау облыстарының аумағында орналасқан.

Сондай-ақ вице-министр елімізде барлығы 15 шөгінді бассейн бар екенін атап өтті. Қазіргі таңда олардың бесеуінде ғана мұнай өндіру жұмыстары жүргізілсе, қалған бөлігінде геологиялық барлау жалғасуда.

Жаңа ашылған кен орындарын игеру жұмыстары ең алдымен отандық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу