Қазақстанда 13 мыңдай мүгедек кенші бар

823

 Қазақстанда 13 мыңдай мүгедек кенші бар

Қарағандылық регресниктер жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді сұрайды, деп хабарлайды astanatv.kz. 

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы регресниктерге жәрдемақыны инфляция деңгейінде төлейді. "Қорғау" кәсіподақ ұйымының басшысы, мүгедек шахтерларға ақша бүгінгі жалақыға сәйкес төленуге тиіс, деп отыр.

"Заңда жәрдемақы инфляция деңгейіне сай көтеріледі делінген.  Сондықтан бізге осы заңды өзгерту керек. Қазіргі шахтерлардың жалақысы өскен кезде, мүгедектікке шыққан кеншілердің жәрдемақысы да көбеюге тиіс", - дейді "Қорғау" көміршілер кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Миргаязов.

Кәсіподақ ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 13 мыңдай мүгедек кенші бар. Олар "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы мардымды жәрдемақы төлеуге заңмен міндеттелсе дейді.

30 жыл бойы көмір қазған Юрий Набоков 2008 жылы жарақат алып мүгедектікке шыққан. Жәрдемақыға компаниямен соттасып жүріп әрең қол жеткізеді. Алайда, былтырдан бері заң өзгерді деген сылтаумен өтемақы 20 пайызға қысқарған. Регресниктер мәселені шешуді сұрап, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдапты.

"Денсаулығымыздан айырылмағанда жұмыс істеп жүрер едік. Маған 2008 жылдың жалақысынан жәрдемақы төлеп отыр. Одан бері айлық қаншама рет өсті. Сондықтан көбейту керек деп есептейміз", - дейді ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу