Қазақстанда Наурыз есімді 1 452 азамат бар.

1119

Төл мейраммен аттас 20-дан астам адам Павлодар облысында тұрады.

Қазақстанда Наурыз есімді 1 452 азамат бар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде Наурыз есімді 1 452 азамат бар. Олардың 1 417-cі – ер адамдар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Наурыздың ең көбі Маңғыстау облысында тұрады. Атап айтқанда, бұл өңірдегі 278 азамат осы есімді арқалаған.

Ал Павлодар облысында 23 тұрғынның есімі – Наурыз. Олардың бірі – "Шаңырақ" халық шығармашылығы орталығының әншісі Наурызбай Көжен.

"Мен Ұлыстың Ұлы күні дүние есігін ашқандықтан, атам есімімді Наурызбай деп қойған екен. Сол тұста төл мейрам енді ғана мерекеленіп, халықтық сипатқа ие бола бастаған еді. Атам немересінің салт-дәстүрлерді білетін, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын азамат болғанын қаласа керек, маған Ұлы күнге орайлас есім беріпті. Мен сол сенім үдесінен шығуға барымды саламын", – дейді Наурызбай Көжен.

Жалпы соңғы бір жыл аралығында елімізде Наурыз есімді 17 нәресте жарық дүние есігін ашқан екен.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу